ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Университет қабырғасында Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек «Ауыл» партиясы жанынан құрылған «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиясының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалының төрайымы Айгерім Сарсенбаеваны қабылдады.

Кездесу барысында екі тарап отбасы құндылықтарын нығайту арқылы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, білім, ғылым және мәдениет саласында өзара ынтымақтастық байланыстарды дамыту туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

Кездесуде Аслан Еділханұлы құттықтау сөз алып, жастар арасындағы  әлеуметтік маңызды мәселелер мен отбасылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде, тәуелсіз еліміздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынасы, теңдесі жоқ мұрасы ол – ұлттық тәрбие екенін тілге тиек етті.

Келісім шеңберінде тараптар алдағы уақытта курстар мен семинарларды бірлесіп өткізу, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша көмек көрсету және жастар арасында гендерлік теңдік пен отбасылық құндылықтарды насихаттау мүмкіндігіне ие болды. Ғылыми зерттеулер жүргізіп, тәжірбие алмасу арқылы семинар, тренингтер, мастер – класс, вебинар және конференциялар ұйымдастыру бойынша өзара тиімді ынтымақтастық жасалды.

Кездесу соңында алдағы жоспарлар легіне жан-жақты талдау жасалып, еліміздің даму жолында қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды. Қонақтарымыз бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Дулати ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

меморандум 2901 1111

мемораендум2901 222

меморандум2901 333

меморандум2901 444

 

Прочитано 58 раз
Top