КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Университеттің полиэтникалық ортасында келісім мен бірлікті нығайтудағы студенттердің әлеуеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы ашып, жастар арасында патриотизмді және жоғары мәдениет пен азаматтық сана-сезімнің маңыздылығын нығайту, студенттердің әлемдік саяси қауіп-қатер алдында Қазақстандық қоғамды шоғырландыру үдерістеріндегі рөлі туралы атап өтті.

Сондай-ақ, М.Х.Дулати атыдағы Тараз университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Парида Иманжановна өз баяндамасында құқықтық мемлекет құрудың жасампаздық міндетіндегі жастардың стратегиялық рөлі туралы тілге тиек етіп, басым міндет бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік және көпэтносты Қазақстанның мәдени әртүрлілігін құрметтеу керек екенін айтты.

Студенттер этносаясатқа және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделінің ерекшеліктеріне қатысты өзекті сұрақтарға жауап алып, спикерлермен еркін форматта пікір алмасты.

гармония1111

гармония2222

гармония3333

гармония44444

 

Прочитано 136 раз
Top