БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында Ұйымдастыру - бақылау басқармасының бастауымен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы бойынша экономикалык тергеп тексеру департаменті басшысының м.а. Руслан Сатыбалдиев, Криминалистикалык бөлімінің басшысы Мақсат Байдалиев, Ұйымдастыру - бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Жагипар Исатаев,студенттер мен бітіруші түлектер қатысты.

Кездесу мақсаты – құқық қорғау қызметінде жұмыс істегісі келетін және елдің экономикалық қауіпсіздігіне үлес қосуға ниетті  білімді, талантты және креативті жастарды іріктеу арқылы Қаржылық мониторинг агенттігінің кадрлық әлеуетін күшейту және жаңарту.Сондай-ақ, академиялық адалдықты сақтау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. 

Кездесу барысында спикерлер студенттер мен бітіруші түлектерге департаменттің атқаратын жұмыстарының ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша департаментте жұмыс істеу үшін қажетті талаптар, Құқық қорғау органдары академиясына түсу ережелері туралы толықтай түсіндіріп өтті.

Кездесу соңында жас буын толыққанды мағлұматтар алып,өз қызығушылықтарын білдірді. Мамандар қойылған сауалдарға жауап беру арқылы кездесуге қатысып отырған студенттерді әріптес ретінде көргісі келетіндерін жеткізді.

полиция1111

полиция22222

полиция3333

полиция новый корсу41313

 

 

Прочитано 164 раз
Top