М.Х.ДУЛАТИДЫҢ 525 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Жаратылыстану ғылымдары факультеті «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулатидың 525 жылдығына арналған «М.Х.Дулатидың «Тарих-и-рашиди» еңбегіндегі қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы, ардагер ұстаз ф.ғ.к., доцент Расылхан Жүншеев, қалалық Билер алқасының төрағасы Сатыбалды Досымбекұлы, Ш.Мұртаза атындағы Тарихтану орталығының «Тарих» бөлімінің меңгерушісі Асылжан Шайдилдаев, «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гаухар Самбетова, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Акнур Кобесова және студенттер қатысты.

Жиынның мақсаты – ұлы тұлғаның шығармашылық және ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеп, өмірі мен шығармашылығы жайлы жастарға жеткізу. Сонымен қатар, М.Х.Дулатидың тұлғалық қасиеттеріне тоқтала отырып, қазақ тарихына қосқан құнды үлесін насихаттау.

Жиынды Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы құттықтау сөзбен ашты. Тарихи тұлғаның ғылыми мұрасын зерттеп, оның мәдени маңыздылығын қазіргі заманмен ұштастырудың қажеттіліктерін атап өтті.

Жиын барысында «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті Расылхан Жүншеев М.Х.Дулати шығармасындағы пәлсапа тұрғысынан ой толғаған көзқарастарын атап өтті. Ш.Мұртаза атындағы тарихтану орталығының «Тарих» бөлімінің меңгерушісі Асылжан Шайдилдаев «Тарих-и-Рашиди» еңбегіндегі «Қазақ» сөзінің түп-төркіні мен деректерге тұжырымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Акнур Кобесова «М.Х.Дулати өмірі мен шығармалары» тақырыбында тарихи жазбаларды зерттеу арқылы қазақ халқының өсу тарихы мен мәдениеті жайлы сөз қозғады. Тарих мұғалімдерін даярлау мамандығының студенттері қазақ хандығының құрылу тарихынан үзінді көрініс көрсетті.

Жиынды ұйымдастырушысы, «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының доценті Гульжан Идирисова барша келген қонақтарға өз алғысын білдірді. Ұлы тұлғаның шығармашылық және ғылыми мұрасына жан-жақты талдау жасалып,еңбектерін әрі қарай терең зерттеу қажеттіліктері жайлы сөз қозғалды.

донгелек1111

донгелек2222

донгелек3333

 

Прочитано 134 раз
Top