QS ПРЕ-САММИТІ ӘЛЕМДІК ЖОО РЕКТОРЛАРЫН ЖИНАДЫ

QS - әлемдегі университеттердің көрсеткіштері мен нәтижелерін көрсететін ең беделді халықаралық рейтингтердің бірі.

2024 жылғы 1 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелерінеарналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 саммиті өтті. Халықаралық іс-шара QS Азия - Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылды

Пре-саммитке QS Quacquarelli Symonds талдау агенттігінің Бас коммерциялық директоры Джейсон Ньюман, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ЕАЭО және QS жаһандық Үкіметі елдеріндегі клиенттермен әріптестік жөніндегі өңірлік директор Сергей Христолюбов қатысты. Сондай-ақ, Қытай, Жапония, Малайзия, Индонезия, Үндістан сияқты 150 елден 350 ЖОО ректорлары, халықаралық сарапшылармен қазақстандық жоғары білім басшылары жиналды.

QS Quacquarelli Symonds талдау агенттігінің Бас коммерциялық директоры Джейсон Ньюман іс-шараны Қазақстанның жетекші университетінде өткізудің маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде ол сондай-ақ саммитке дейінгі озық тәжірибелер мен идеялармен алмасу, білім беру сапасын жақсартуға және ресурстарды жұмылдыруға бағытталған негізгі үрдістер мен стратегияларды анықтау алаңына айналатынын атап өтті.

"QS саммиті Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Біз жаһандық мәселелерді жалғыз шеше алмаймыз, сондықтан бірге жұмыс істеу маңызды. Бүгінгі іс-шара әлем университеттерінің ректорларын біріктіріп, жоғары білім және ғылым саласындағы халықаралық деңгейдегі мәселелерді шешуде тараптар арасында диалог орнатуға мүмкіндік берді. QS рейтингі барлық жоғары оқу орындарының жұмысын жандандыруға серпін берді. Атап айтқанда, университеттерге бір-бірімен тығыз жұмыс істеуге, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытуға, тәжірибе алмасуға, ғалымдардың ынтасын арттыруға мүмкіндік берді", - деді Джейсон Ньюман.

Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық университеттердің жоғары білім және ғылым саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Министр QS әлемдік рейтингіне 21 қазақстандық ЖОО қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті.

Іс-шара соңында Сергей Христолюбов сөз сөйлеп, QSWorld University Rankings 2025 рейтингінде жоғары орынға ие болған бірқатар қазақстандық университеттерді марапаттап, арнайы сертификаттар табыс етті. Сертификат табыстау рәсіміне Дулати университетінің Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және интернационалдандыру  жөніндегі проректор Шолпан Есимова қатысты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті QS World University Rankings 2025 рейтингінде 1401+ орынға ие болды. Бұл маңызды жетістік: QS WUR-да әлемнің 3000-нан астам жоғары оқу орындары рейтингке қатысуда.
Азия-Тынық мұхиты аймағында QS жоғары білім беру саммиті 5-7 қарашада Макаода жалғасады. QS саммитінің қорытынды кеңесі Гонконгта 8 қарашаға жоспарланған.

саммит1111

саммит2222

саммит3333

саммит4444ъ

саммит555ъ

саммит6666

самит777

самит8888

 

Прочитано 177 раз
Top