ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР АЛТАЙ ӘШЕНҰЛЫ БАЙТЕЛИЕВ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯНЫҢ АШЫЛУЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті,Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Журналистика және филология кафедрасында «Алтай Әшенұлы Байтелиев атындағы аудитория» мәдени-ағартушылық аудитория ашылады. «Аудиторияға» келушілер оқуға, білім алуға немесе ПОҚ-пен ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізуге, сондай-ақ дәрістерге, танымдық іс-шараларға, кураторлармен, зерттеушілермен және танымал тұлғалармен шығармашылық кездесулерге қатыса алады. Ашылу 2024 жылдың 24 қазанда сағат 10:00-де (3 қабат) өтеді.

Өтетін мерзімі: 24 қазан, 2024 жыл, сағат:10:00

Өтетін жері: Тараз қаласы,М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Филология және гуманитарлық ғылымдар кешен, Журналистика және филология кафедрасында (3 қабат 2.6.323 аудитория) өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті Филология және журналистика кафедрасы

Қатысушылар: Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері, Ақпарат және медиакоммуникация орталығының өкілдері, БАҚ өкілдері.

Прочитано 267 раз
Top