Халықаралық дәрежеде үлкен маңызы бар 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2024 жылы Қазақстанда өткізілуі ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауы арқылы кең көлемде сапалы жағдайда 8-13 қыркүйек арасында Астана қаласында өткізілді.
Көшпенділер ойынына 89 елден өкілдер мен спортшылар қатысып, 21 этноспорт түрлерінен жарыстар өтті. Дүниежүзілік көшпенділер ойынын Қазақстанда өткізу арқылы халықтар арасындағы достықты нығайтып, этностардың ұлттық ойындары мен спортын сақтауға, дамытуға ерекше септігін тигізді.
Жамбыл облысының мәдени бағдарламаларына М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері белсенді атсалысып,ұйымдастыруда қолдау көрсетті.