«DU FEST – 2024» ӨТКІЗІЛДІ

Дулати университеті қабырғасында жыл сайынғы дәстүр бойынша бірінші курс білімгерлеріне арналған «DU FEST - 2024» салтанатты кеш өтті. Мерекелік кешке университеттің проректорлары, декандар, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Кешті Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы құттықтау сөзбен ашып, оқу ордамыз жас ұрпақтың бойындағы тұлғалық қасиеттерді ұштап, білім мен тәжірибелерді игеруге, достық қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік беретін бірегей білім алаңы екенін жеткізіп, студенттерге мерекелік көңіл-күй тіледі.

Жиында жастармен жұмыс бөлімінің белсенділері және еріктілер ұйымдары үлгілі жұмыстарын насихаттап, студенттерді өз қатарына қосылуға шақырды. «Жуалы» жайдарман командасы 1-курс білімгерлеріне арнаған әзілдерін жолдап, интерактив бірлескен ойын арқылы студенттермен сахналық ойын көрсетті. Университетіміздің студенттерінен құралған өнерпаздар түрлі әндер орындап, арнайы кеш конақтары би билеп, бар өнерлерін паш етті. «DU FEST» жастар кешіне мыңнан аса студент қатысып, алаңсыз көніл көтерді.

Биылғы салтанатты рәсім форматында креативті шоуларды жүзеге асырумен ерекшеленді. Студенттер арасында түрлі ойындар ойнатылып, университеттің брендтік бұйымдары сыйға тарту етілді.

дуфест1111

дуфест2222

дуфест3333

дуфест4444

дуфест5555

 

Прочитано 124 раз
Top