ТҮЛЕКТЕР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында «Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім» және «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша білім алған 1974 жылғы түлектердің 50 жылдық салтанатты кездесуі өтті.

Салтанатты шараға «Бухгалтерлік есеп» мамандығының түлектері, Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова, Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – қара шаңырақта білім алып, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет жасап, табысқа жеткен тұлғалардың өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау.

Жиынды Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, түлектердің еңбек жолындағы үздік жетістіктері – университет үшін мақтаныш екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім ордасының тарихына тоқталып, мыңдаған жоғары білікті мамандарды даярлаған оқу ордасы екенін тілге тиек етті. «Бухгалтерлік есеп» мамандығын ашуға бар күшін жұмылдырған экономика ғылымдарының докторы, профессор Алданыш Нұрымовтың еңбегін ерекше атады. Түлектерді алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтарды табыстады.

Замандастарының жүріп өткен жолдары, атқарған еңбектері жөнінде ерекше тебіреніспен еске алған түлектер өздерінің қызықты оқиғаға толы студенттік естеліктерімен бөлісті.

Кездесу барысында Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов пен бірқатар қатысушыларға «Ыбырай Алтынсарин» мерекелік алтын төсбелгісі мен Құрмет грамоталарын табысталды. Сонымен қатар, оқу орнымызға кітаптар мен мұражайға «1974 жылғы сынақ кітапшасын» сыйға тартты.

Кездесу соңында түлектер университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенімдерін білдірді.

тулектер1111

тулектер22222

тулектер3333

тулектер4444

тулектер5555

тулектер6666

тулектер7777

тулекьтер8888

тулекьтер9999

тулектер1010

тулектер11 11

тулектер12 12

 

 

Прочитано 48 раз
Top