ИНДОНЕЗИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Дулати университетіне жұмыс сапарымен Сұлтан Сиариф Касим атындағы мемлекеттік ислам университетінің профессорлары Зулфахми және Окфалиса, Риау университетінен профессор Сактиото келді.

Ғалымдармен кездесуге Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнұр Исабекова қатысты.

Кездесу мақсаты –университеттер арасында білім беру мен ғылыми іс-қимыл саласындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу.

Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова ғалымдармен жұмыс жоспары және екі университет арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Профессорлар 1 ай бойы «Биология», «Физика», «IT» салалары бойынша семинарлар, лекциялар және мастер-класстар өткізіп, магистранттар мен докторанттарға консультация жүргізетін болады. Сондай-ақ, университеттің профессор-оқытушылар құрамымен бірлескен мақалалар жариялайды деп жоспарлануда.

Риау университетінің профессоры Сактиото университетаралық байланысты нығайтуға қызығушылық танытып,  Дулати ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғысын білдірді. 

индонезия1111

индонезия2222

индонезия3333

индонезия44444

 

Прочитано 52 раз
Top