«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Дулати университетінің қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты байқау өтті.

Байқауда Жамбыл облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шолпан Кариева, Жамбыл облыстық бөлшек сауда компаниялары ассоциациясының басшысы Виктория Усманова, Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, Жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Дина Төлегенова, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Гүлзат Искакова төрелік етті.

Байқаудың мақсаты – шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік жобаларды қажетті ресурстармен, біліммен және ғылыми-техникалық әзірлемелерімен қамтамасыз ету. Жастар арасында стартап мәдениетін насихаттау және индустриядағы үздік идеяларды дамыту.

Байқауды Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев құттықтау сөзбен ашып, байқаудың маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде технология дәуірінде әр жас буын өзінің жобасын іске асыра алатынын, ең бастысы — өзекті мәселені тауып, оны шешудің жолдарын ойлап табу екенін айтып, қатысушылардан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайтын «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алу байқауына 14-35 жас аралығындағы жастар өзара бақ сынады. Аталған грант қаражаты ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға, Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобалар үшін, жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды әзірлеуге, экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды шыңдауға және медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру ісіне бағытталған. Өз білімін, біліктілігін және тәжірибесін сынай отыра 13 команда қазылар алқасы алдында жобаларын қорғады. Жобаны көрсету үшін жобаның қысқаша сипаттамасы, кезеңдері, процесі, технологиясы, нәтижесін қамтитын жоба паспортын визуализациялау үшін командалар дайындаған презентация ұсынылды. Дайындалған жобаның қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды.

Байқау соңында ең үздік деген жобалары бар командаларға университетіміздің Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаевтың тарапынан қолдау көрсетіліп, жүлде қоры 3 миллион теңгелік «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алу байқауына қатысу үшін мүмкіндік берілді.

тауелсыздык уцндер 7477777

тауелсыздык урпактары1111

тауелсыздык уропактары2222

тауелсыздык урпактары3333

таунелсыздык упракиары444

 

 

Прочитано 363 раз
Top