ҚОС МЕРЕКЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Дулати университеті қабырғасында Жоғары білім қызметкерлері күні мен Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шара өтті.

Салтанатты шараға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Шәріп Дәулетбаев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Малтабар Жаманбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Жұмахан Мырхалыков, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ректоры Камшат Тусупова, ардагерлер қозғалысының белсенділері,  университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Концертті Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, еліміздің ғылым мен білім саласына қосқан өлшеусіз үлесі үшін ардагерлерге алғысын білдірді. Оқу ордамыздың өсіп-өркендеуіне бірлік пен өзара сыйластықтың, аға буын өкілдерінің үлгілі игі істерінің ықпал еткенін жеткізді. Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш екенін айтты. Кәсіби мереке қызметкерлердің білім беру ортасын қалыптастырып, жоғары білім беру саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал ететінін тілге тиек етті.

Ізгі тілегін арнаған университет басшысы жоғары білім саласында жемісті қызмет еткен бірқатар профессор-оқытушылар құрамын ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің төсбелгілері мен Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапаттады.

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Шәріп Дәулетбаев құттықтау сөз алып, аға буынның тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап, алғысын жеткізді. Ардагер ұстаздарға  «М.Х.Дулати.Үздік табыстары үшін»  төсбелгісін, Қалалық және облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарды табыстады.

Мерекелік жиын барысында кеш қонақтарының назарына мерекелік бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздар әнмен әуелетсе, мың бұрала билеген бұрымдылар көрермен көңілін бір серпілтіп тастады

Жиналған жұрт Дулати студенттерінің өнерін тамашалап, мерекенің мәні мен маңызын сезініп, жылы лебіздерін білдірді.

карттар куны1111

карттар куны2222

карттар куны33333

карттар куны44444

картттар куны6666

карттар куны7777

картттар куны8888

карттар куны9999

карттар куны 121212

 

 

 

Прочитано 86 раз
Top