СТУДЕНТТЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Дулати университеті қабырғасында «Экономика және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен ата-аналар қатысты.

Жиынды Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы құттықтау сөзбен ашып, оқу ордамыз білімді тереңдетуге және ғылымды дамытуға жан-жақты мүмкіндік беретінін жеткізіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Жиын барысында «Экономика және құқық» факультетінің деканы Қайрат Ернишев сөз алып, студенттер мен оқытушыларды құттықтады. Сондай-ақ, білім ордасының жеткен жетістіктеріне тоқталып, мыңдаған жоғары білікті мамандарды даярлаған оқу ордасы екенін тілге тиек етті. Студенттердің ата-аналарына да жылы лебізін жеткізіп, балаларының дұрыс таңдау жасағандары үшін өз ризашылығын білдірді.

Шара соңында факультеттер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, бірінші курс студенттері кампусты аралады. Ата-аналар университет басшылығына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да жоғары көрсеткіштерді бағындыратынына сенім білдірді.

эконом11111

эконом22222

эконом3333

 

Прочитано 336 раз
Top