ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2024-2026 жылдарға арналған Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары анықталды.

Жеңімпаздар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Технологиялық факультеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценттері т.ғ.к. Ахметжанова Шынар Егеубаевна және Боранкулова Гаухар Сарсенбаевна.

Жоба тақырыптары: : «Жамбыл өңірінде медициналық қалдықтарды шығару және жою мониторингінің интеллектуалды жүйесін құру» және «Үлкен деректерді өңдеу негізінде ауыл шаруашылық саласында су ресурстарын тиімді басқарудың моделін және мониторинг жүйесін әзірлеу».

Оқытушыларымызға ғылыми ізденістестеріне шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Прочитано 196 раз
Top