Бокстан XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Дулати университетінің түлегі. Бәсекеге толы болған тартысты жарыста Нұрбек Олимпиада жүлдегері атанып, университеттің беделін арттырған кәсіби деңгейдегі спортшы.
Париж Олимпиадасының финалында Нұрбек Оралбай украиндық Александр Хижнякпен шаршы алаңға шығып, 2:3 есебімен күміс жүлде иеленді.
Спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбек пен төккен тердің жемісі.
Чемпионды тәрбиелеген жеке бапкері Асқар Еркебаевқа, бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановқа алғысымызды білдіріп, киелі де қасиетті Қазақстан Республикасын Олимпиаданың күміс жүлдесімен құттықтаймыз!