РЕКТОР ҚР ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ҒАЛЫМЖАН ЖЫЛГЕЛДИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Дзюдодан XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Елдос Сметовтың бапкері Дулати университетінің «Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының құрметті профессоры, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Ғалымжан Жылгелдиевті Басқарма төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов қабылдады.

Бәсекеге толы болған тартысты жарыста шәкірті Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанып, университеттің беделін көтерген бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке Мұхтар Қазыбекұлы алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

– Спорт – денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбек пен төккен тердің жемісі. Киелі де қасиетті Қазақстан Республикасының абыройын асқақтату жолындағы спорт саласында жеткен жетістіктеріңізге алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да спорттың сан қырлы сырларын меңгеріп, жеңіс туын әрдайым биіктен желбірететін шәкірттер тәрбиелеуіңізге тілектеспін, – деді Мұхтар Қазыбекұлы.

Кездесуде сөз алған  әріптестері бапкердің тамаша ұйымдастырушылық шеберлігі мен жоғары кәсіби біліктілігі туралы, спорттағы еңбегі айшықталып, шәкірттері үшін үлгі екенін жеткізді. Сонымен қатар,
еліміздің спорт сапасын арттыруға қосқан орасан зор үлесін атап өтті.

Әр шәкіртімен аянбай қажырлы еңбек ететін жаттықтырушы, жеткен жетістіктері тұлғалық ерекшеліктен өзге, көпшіліктің қолдауының арқасында болғанын жеткізді. Ғалымжан Жылгелдиев университет басшылығына ерекше алғысын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді. 

сметов1111э

 

 

Прочитано 273 раз
Top