«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Түркілердің этногенезисін зерттеудегі Серікбол Қондыбайдың қосқан үлесі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – Серікбол Қондыбайдың Түркілердің этногенезисін зерттеудегі тарихи сабақтастық мәселелерін жаңа көзқарастар мен методологиялық ұстанымдар тұрғысынан талқылап, жас ұрпаққа дәріптеу.
Модератор «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы т.ғ.к., профессор Сейдахан Бақторазов конференцияның маңыздылығына тоқталып, Серікбол Қондыбайдың ғылымға қосқан үлесі туралы баяндап, бірқатар идеологиялық ойларымен бөлісті.
Конференцияға Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы кызметкерлері Сандуғаш Итекеева, Мөлдір Оразалиева, Меруерт Абигул Серікбол Қондыбайға арналған көрмесін ұсынды.
Конференция барысында «Тарих және география» кафедрасының PhD докторы Гүлжан Идрисова «Серікбол Қондыбайдың еңбектері негізінде түркі мифологиясын зерттеу мәселесіндегі проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Ақтоған орта мектебінің «Тарих» пәнінің мұғалімі Кадиша Оразова «Түркі халықтарының қалыптасуы» тақырыбында баяндама жасап, өзектілігіне тоқталды.
«Тарих» кафедрасының PhD докторы Әсел Ташкараева, аға оқытушылары мен тарих магистрлері Ақнұр Көбесова және Аида Альдибаева «Серікбол Қондыбайұлының еңбектеріндегі түркі мифологиясы», «Серікбол Қондыбайұлының еңбектеріндегі қазақ аңыздарының зерттелуі», «Серікбол Қондыбайдың ғылыми және мәдениеттанулық мұрасы» туралы тақырыптар талқыланып, ғылыми баяндамалар жасалды.
Сонымен қатар, жас зерттеуші тарихшылар Жаннұр Әбдәлі, Бақдаулет Секербеков, Құттыбек Әшірхан «Тайпалардың шығу тарихының зерттелуіндегі Серікбол Қондыбайұлының еңбектерінің маңызы», «Серікбол Қондыбай-Ұлы тұлға», «Серікбол Қондыбайұлының қазақ тарихындағы елеулі орны» тақырыптары барысында баяндама жасап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Конференция соңында «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к., профессор Сейдахан Бақторазов қатысушыларға Алғыс хат табыстады.