4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік әнұранды орындады.
Салтанатты рәсімнің мақсаты–әрбір қазақстандықтың өз жеріне, халқына деген мақтаныш сезімін оятып, патриотизм мен азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету.
Шараны Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы құттықтау сөзбен ашып, мемлекеттік рәміздерде барша Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар екенін жеткізді.
Мемлекеттік ту Қазақстанның еркіндігі мен біртұтастығын, Елтаңба– жүріп өткен тарихи жолымыз бен бірлігімізді бейнелейді. Әнұран Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятып, болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын салтанатты ән. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – биік азаматтық пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.