Үндістандық профессор Дулати Университетінің ғалымдарымен тері өндірісін жетілдіру бойынша бірлескен зерттеулер жүргізеді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы «2024 жылға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін жоғары рейтингілік ғылыми басылымдарда жарияланымдары бар алыс шетелдің жетекші университеттерінен шетелдік сарапшылардың санын бөлу жоспарын бекіту туралы» № 39 бұйрығына сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне шетелдік ғалымдарды шақыруға 10 орын бөлінді.

Осы бұйрықтың негізінде Үндістанның Ченнай қаласында орналасқан Орталық Былғары Ғылыми-Зерттеу Институтының ғалымы VICTOR JOHN SUNDAR  «Технологиялық» факультетінің «Текстиль, материалтану және стандарттау» кафедрасына бір айға шақырылды.

Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова Үндістандық ғалыммен кездесіп, жұмыс жоспары мен екі университет арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Университетіміздің ғалымдары мен шетелдік профессор жергілікті өңір кәсіпорындарының тері өндірісі жөніндегі проблемаларын зерттеп, терінің беріктігі мен құрылымдық қасиеттерін талдау бойынша ғылыми зерттеулер жасаумен айналысады.

Алдағы уақытта Үндістанның Орталық Былғары Ғылыми-Зерттеу Институты мен Дулати Университеті арасында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қою жоспарлануда.

индия1111

индия2222

 

 

Прочитано 495 раз
Top