Дулати университетінде халықаралық «TOEFL Authorised Test Centre» орталығының салтанатты ашылуы өтті

2024 жылдың 29 мамырында Дулати университетінде «TOEFL Authorised Test Centre» жаңа тестілеу орталығының ашылуы өтті. Бұл орталықтың мақсаты – студенттердің, оқытушылар құрамының және докторантурада, халықаралық бағдарламаларда және академиялық ұтқырлық аясында одан әрі білім алғысы келетіндердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау.

Ағылшын тілі ақпараттың кең ауқымына, ынтымақтастыққа қол жеткізуге, сондай-ақ академиялық ортада өзін-өзі дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді. 2023 жылы Қазақстан ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша 113 елдің арасында 104-ші орынға ие болды және тілді меңгеру деңгейі төмен елдер санатында.

Дулати университетіндегі TOEFL авторизацияланған тестілеу орталығы 160 елде белгілі, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Испания, Жапония Франция және т.б. елдердің 12 500-ден астам білім орындарында оқуға мүмкіндік беретін ETS (Educational Testing Service) Global американдық ұйым жасаған халықаралық мойындалған TOEFL тестін әзірлеушілермен келісім бойынша құрылды.

Тест орталығының ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Илебаев Лесбек Құралбайұлы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының академиялық жұмыс бойынша проректоры Қадырова Ақмарал Сәтбекқызы, облыс, қала әкімдігінің білім басқармасының өкілдері қатысты.

Университет ректоры Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы Дулати университеті ETS Global компаниясымен келісім негізінде халықаралық TOEFL ITP тестілеу өткізетін өңірдегі жалғыз университет екенін атап өтті.

TOEFL (Test of English as a Foreign Language) – ағылшын тілі ана тілі болып есептелмейтін адамдардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін өлшеуге арналған халықаралық стандартталған тест. Бұл тест ағылшын тілінде оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дағдыларын бағалайды. Тест шетелдегі жоғары оқу орындарына түсу, виза алу, жұмысқа орналасу және басқа да мақсаттарда кеңінен қолданылады. TOEFL ұпайларын дүние жүзіндегі мыңдаған оқу орындары мен ұйымдар мойындайды. TOEFL өз білімі мен мансабын ел ішінде де, халықаралық деңгейде де жоғарылатқысы келетін студенттер үшін маңызды қадам болып табылады.

Дулати университеті Тараз қаласы мен Жамбыл облысының, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірінің басқа да аймақтарының қызығушылық танытқан оқушыларын, студенттерін, оқытушыларын және жалпы жұртшылығын жаңа «TOEFL Authorised Test Centre» тестілеу орталығы тест тапсыруға шақырады.

тест11111

тест2222

тест3333

тест44444

тести 5555

 

 

Прочитано 119 раз
Top