МАМАНДАР КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСТІ

Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен «Экология және газдың қоршаған ортаға әсері. Өңірдің экологиялық және газ өнеркәсібінің мәселелері және олардың шешу жолдары» тақырыбы аясында кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының бас менеджері Б.Рахымбердиев, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары дирекциясының бөлім бастығы С.Қонарбаев, Жамбыл облысы бойынша  Экология департаментінің сынақтау зертханасының басшысы Ж.Назарбеков және «Enactus Dulaty» студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар командасының студенттері қатысты.

Кездесу мақсаты – «Enactus Dulaty» студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар командасы студенттерінің жобалары арқылы қоршаған ортаны қорғау бағытындағы мәселелерді шешу. Жасыл экология талаптарын ескеріп, технологиялық және экономикалық тиімділікті, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін бағалау, әр түрлі салаларда қоршаған ортаны қорғау шараларын жоспарлау мен жүзеге асыру.

Кездесу барысында қонақтар «Enactus Dulaty» студенттік командасына қазіргі таңда экология және газдың қоршаған ортаға әсерін, өңірдің экологиялық және газ өнеркәсібінің мәселелері және олардың шешу жолдарының ерекшеліктері туралы түсіндіріп өтті. Мамандар студенттік команданың дайындаған бірнеше жобаларымен танысып, жобаның қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне назар аударды.

Сонымен қатар, спикерлер өз істерінің негізгі кезеңдері туралы мәселелерді қозғап, бизнес туралы кең тараған қателіктер мен қиындықтары, кәсіпкер ретінде қалыптасуы, табысты және сәтсіз жобалары туралы кеңестерімен бөлісті.

Кездесу соңында қонақтар мен студенттер еркін форматта пікір алмасты. Мамандар кәсіпкерлік қызметтің құпиясымен бөлісіп, студенттердің сауалдарына жауап берді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары дирекциясының кадрлар бөлімінің бастығы С.Қонарбаев кездесуге қатысқан студенттерге алғысын айта отырып, аталған мекемеге биылғы оқу жылын бітіретін әр саладағы білімді студенттерді жұмыспен қамтитынын жеткізді.

енартус1111ъ

енартус2222

 

Прочитано 121 раз
Top