«Үздік IT Ұстаз» турнирінің қорытынды кезеңі

Дулати университеті қабырғасында Спорттық бағдарламалау федерациясымен бірлесіп «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының базасында «Үздік IT Ұстаз» турнирінің қорытынды кезеңі өтті.

Турнирге облыс деңгейіндегі мектеп мұғалімдері және колледж оқытушылары қатысты.«Үздік IT Ұстаз» турнирінің қорытынды кезеңінің нәтижелері бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры С.Орынбаев турнир жеңімпаздарын дипломдармен марапаттады. Тараз қ. №40 орта мектебінің мұғалімі Николай Агарков 2 дәрежелі дипломға ие болды, №59 орта мектебінің мұғалімі Сандугаш Дүйсенбаева және № 40 орта мектебінің мұғалімі Виталий Агарков 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Үздік IT Ұстаз» номинациясының жеңімпазы   Жамбыл облысы Жуалы ауданның №2 орта мектеп мұғалімі Бахытжан Сабиев атанды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз және олардың шығармашылық қабілеттері мен IT құзыреттілігін одан әрі дамытуға тілектеспіз!

турнир 111

турнир2222

 

Прочитано 177 раз
Top