«DULATY CUP-2024 » Республикалық пікірсайыс турнирі

Дулати университеті қабырғасында Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясы негізінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университететінің Ректоры кубогіне арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирді ұйымдастыру комитеті: «DU UNION» жанындағы белсенді волонтер жастар мен «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубы.

Турнир мақсаты – заман талабының сұранысына санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыруға үлес қосу.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі төрешілер мен жас пікірсайысшылар қатысты. Турнирге қатысуға 40 квота бөлінді. Алматы, Ұлытау, Түркістан, Ақмола облыстарының жетекші университеттерінің студенттері бақтарын сынады.

Турнирде әлемдік және еліміздегі болып жатқан жағдайлар барысы бойынша маңызды мәселелер қозғалған қарарлар берілді. Қазіргі қоғамда актуалды болып табылатын «Толық адам концепциясын қоғамдық ұстанымға айналдыру»  мәселесіне де аса назар аударылды. Жалпы есеппен ойынға 8 қарар берілді. Оның құрамында еліміздегі зорлық-зомбылық мәселелері, табиғи апат мүмкіндігі жоғары елді мекен мәселелері қаралғанын атап айтуға болады.

Аталған мәселелер бойынша қатысушылардың көзқарасы бойынша жастар тарапынан мәселенің шешу жолдары мен тың идеялар ұсынылды. Турнир жеңімпаздарына ақшалай сыйақы берілді.

1 орын 300 000 теңге
2 орын
150 000 теңге
3 орын
100 000 теңге
Үздік талпыныс
50 000 теңге
Үздік гид
50 000 теңге
Үздік төреші
50 000 теңге

Турнир Нәтижесінде АПФ Форматы Бойынша:
I ОРЫН
«Жетінші қоғамнан»
Бекхалиев Азамат

Махұлбай Динара

II ОРЫН
«Шексіздік кедергі емес» фракциясы
Амирова Перизат

Канадиллаев Азамат

III ОРЫН
«Жүректің сырлары» фракциясы
Манас Жайна

Сағымбай Айсұлу

«ҮЗДІК ТАЛПЫНЫС»
«Тастүйін» фракциясы
Оразчаева Аружан

Құрақбай Фариза

«ҮЗДІК СПИКЕР» Сандыбек Әлібек - жеңімпаз атанды.

Турнир соңында соңында қатысушылар университет ұжымы мен ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп,сайыстың тартысты өткенін жеткізді.Белсенді жастар барлық қатысушылар мен келген қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алды.

дулати камп1111

дулати камп2222

дулати камп3333

дулати камп444

дулати кммп5555

 

 

Прочитано 157 раз
Top