«Текстиль және дизайн» тақырыбында байқау өтті

«Технологиялық» факультеті, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасы «Текстиль» студенттік- ғылыми үйірмесінің жетекшісі доцент Ж.С.Рахманованың ұйымдастыруымен Тараз қаласы және Жамбыл облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Текстиль және дизайн» тақырыбында байқау өтті.

Іс-шараға «Өшпес мұра» Жамбыл облысы қолөнершілер қауымдастығының басшысы Г.И.Абдуллаева, «Жер-Ана» корпоративтік қорының жетекшісі Р.М. Мусабаева және университет оқытушылары мен студенттері қатысты.
Факультет деканы М.Ш. Шардарбек 6В07211 - «Инновациялық текстиль» БББ және «Жер-Ана» корпоративтік қоры жетекшісі Р.М. Мусабаева ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол койды.
Конференция комиссиясының шешімімен үздік баяндама жұмыстары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар байқауда білім алушының ғылыми шығармашылық мүмкіндігін ашуға және дамытуға жағдай жасап, қолдау көрсеткені үшін жетекшілерге сертификаттар табысталды.

тех111

тех222

тех3333

 

 

Прочитано 456 раз
Top