12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні. Осыған орай 23-сәуір күні Дулати университетінің бас ғимаратында ғылыми қызметкерлерді салтанатты марапаттау шарасы өтті.
Дулати университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов университет профессор-оқытушылар құрамын, ғалымдарды кәсіби мерекемен құттықтады. Университет ұжымының ғылыми жетістіктеріне тоқталды. Соңғы 3 жылдық көрсеткішті салыстыра отырып, оң өзгерістер мен артықшылықтарды саралап айтты. Жылдан жылға ғылым саласын қаржыландыру көлемі артып отырғанын және бұндай қолдау ғалымдарға үлкен міндет жүктейтінін де баса айтты. Ректор өз сөзінде ғылым саласы бойынша студенттердің де жетістігін мақтанышпен айтып, жастарды ғылымға баулу маңызды міндет екеніне де тоқталды.
Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов, Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернациоландыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек ғылым саласының дамуына елеулі үлес қосқан профессор-оқытушылар құрамын, ғылыми қызметкерлерді арнайы құрмет грамоталарымен, алғысхаттармен марапаттады.