ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП, ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Технологиялық факультеті, «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи дизайнердің кәсіби дайындығы контекстіндегі шығармашылық және ғылыми қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – заманауи жобалық міндеттерді шешу кезінде шығармашылық қызмет және ғылыми іздестіру саласында дизайнердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылау, дизайн-қызмет көрсету саласында білім беру өкілдері мен өңірлік бизнес объектілері арасында тәжірибе алмасу.

Іс-шараға кафедра оқытушылары мен студенттері, жұмыс беруші өкілдер, орта білім беру мекемелері мен шығармашылық білім беру орталықтарының өкілдері қатысты.

Жиын модераторы «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының меңгерушісі, доцент Сұлушаш Байжанова дөңгелек үстелдің мақсатына тоқталып, студент, жұмыс беруші және мектеп оқушылары мен ата-аналары қатысуымен өтетін жиынның қажеттілігін атап өтті.

Технологиялық факультеттің деканы Мұхамеджан Шардарбек осындай кездесулер арқылы жұмыс беруші өкілдерінің пікірлері ескеріліп, оқу орны білім беру бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар, жаңашылдық енгізетінін жеткізді. Тараптар талабы ескерілу арқылы оң шешім қабылданып, арадағы байланыстың нығая түсетінін тілге тиек етті.

Дөңгелек үстел барысында «SuretDesign» өнер мектебінің басқарушы менеджері Ақбота Мамбеталы, ЖК «РИАН» интерьер студиясының дизайнері Екатерина Смирнова, «Сагила» кәсіпорнының директоры Гүлмира Сагила және «Самғау» кәсіпорнынан Тоқтар Төлегенов баяндама жасап, оқу орны мен өнеркәсіп арасындағы байланыс турасында ойларын айтты. Жұмыс берушілер мамандардың сапасын арттыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

дизавйн111

дизайн222

 

Прочитано 457 раз
Top