Халықаралық ынтымақтастық басқармасының ұйымдастыруымен «Еврохим» минералды-химиялық компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстандық сауда қауымдастығының президенті Жибек Ажибаева және «Еуразиялық диалог» әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты қолдау халықаралық қорының президенті Айжан Тузельбековамен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – білім берудегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында өзара байланысты нығайтып, кәсіптік деңгей сабақтастығын қамтамасыз ету.
Кездесу барысында өзекті мәселелер қамтылып, екі жақты келіссөз жүргізілді.Сондай-ақ, Иваново мемлекеттік химия-технологиялық университетінің төмендегі білім беру бағдарламалары аясында қос дипломдық бағдарламаны жүргізу жоспарлануда.
-18.03.01 «Химиялық технология» оқу профилі «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
-27.03.04 «Техникалық жүйелердегі менеджмент» оқу профилі «Технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелері мен құралдары»
-15.03.02 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» оқу профилі «Химиялық және мұнай-химия өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары»
-15.03.04 «Технологиялық процестерді және өндірісті автоматтандыру» оқу профилі «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру».
Кездесу оңынан өтіп, алдағы жоспарлар белгіленді.Ендігі кезекте келісім-шарттарға қол қою мәселелері қарастырылады.