Келелі кездесу өтті

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Толық адам ілімі» залында, Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі департамент төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызымен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты – заман ағымына сай әр салада өзгеріс барын айтып, «Толық адам ілімі» залының маңызы мен рухани құндылығы жайлы баяндау.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз мақаласында, «Толық адам» концепция­­­сы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін», - деген болатын.

Кездесу барысында кафедра оқытушыларының атқарып жатқан жұмыстары таныстырылды. Ақерке Абылайханқызы ұжымға алғысын білдіріп,креативті ойлайтын, батыл әрекет ететін жастардың көп болғаны жетістікке жетелейтінін айтты.

Толык адам111

Толык адам222

Прочитано 557 раз
Top