Философия докторы (PhD) дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 362 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығына сәйкес Атенов Ерлан Имангалиевичке 8D07411-Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар білім беру бағдарламалар бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Атенов Ерлан Иманғалиұлының  8D074 – Су шаруашылығы: 8D07411 – "Гидротехникалық құрылыс және құрылыстар" білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін "Сызықтық гидротехникалық құрылымдардың іргетастарын орнатуға арналған жалпақ бөшкелерді кеңейту қадаларының жұмысын зерттеу" тақырыбында диссертациялық жұмысының  қорғауы 2023 жылғы 15 желтоқсанда Дулати университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өткен еді.

Ғылыми кеңесшілер: Бекбасаров Исабай Исакович (т.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, "А.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері" зертхана меңгерушісі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕАҚ), Никитенко Михаил Иванович (т.ғ.д., профессор, БМАкорр. мүшесі, УҚА академигі, Беларусь ұлттық техникалық университеті).

Әріптесімізге әрі қарай кәсіби және жеке өсуді, сондай-ақ жаңа қызықты ғылым жолындағы идеяларды, бірегей ғылыми жетістіктерді табысты іске асыруды тілейміз!

2

3

4

Прочитано 524 раз
Top