ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕР!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында   жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты ғылыми жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 2024 жылдың 1-15 сәуірінде болашақ педагогтерге арналған «ЦИФРЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» онлайн курсын өткізеді.

Онлайн курсқа қатысуға Қазақстандық және Ресейлік жоғары оқу орындарының педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттері шақырылады.

Онлайн курсы өткізу мерзімі: 01.04.24- 15.04.24 ж.

Онлайн курстың көлемі:72 сағат.
Онлайн курстың
мақсаты – педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін арттыру, болашақ педагогтерді цифрлы оқыту технологиялары және платформаларымен  таныстыру, педагог кадрларды дайындаудың сапасын арттыру.

 Онлайн курстың міндеттері:

- Білім беруді цифрландырудың педагогикалық негіздерін ашып көрсету;

- Болашақ педагогтерді цифрлы білім беру ортасы, цифрлы білім берудің даму тенденциялары, заңдылықтары, принциптерімен таныстыру;

-«Педагогтің цифрлық құзыреттілігі», «Педагогтің цифрлық сауаттылығы» ұғымдарының мәні мен мазмұнын ашып көрсету;

- Цифрлы білім беру ортасындағы оқыту технологияларының ерекшеліктерін ашып көрсету, цифрлы білім беру ортасындағы педагог қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру, педагогтің цифрлы білім беру платформаларын пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету, әдістемесін ұсыну.

- Цифрлы білім беру ортасындағы педагогтің қызметімен таныстыру;

- Цифрлық ортадағы мұғалім мен оқушының рөлін айқындау және цифрлы қоғамдағы цифрлы педагогтің құзыреттіліктерін ашып көрсету.

Курс тақырыптардың атауы, мазмұны және сағат көлемі

Мазмұны

Академиялық сағат саны

1

1 модуль

Білім беруді цифрландырудың педагогикалық негіздері

 

16

1.1

Білім берудің цифрлық трансформациясы

4

1.2

Цифрлық білім беру ортасы және оның компоненттері

4

1.3

Цифрлы білім беру технологиялары

8

 

2 модуль

Педагогтің цифрлы құзыреттілігі

16

2.1

«Цифрлы сауаттылық» және «цифрлы құзыреттілік» ұғымдарының мәні мен мазмұны

4

2.2

Цифрлы құзыреттердің заманауи үлгілері

4

2.3

Педагогтің   цифрлы сауаттылығы мен құзыреттілігін қалыптастырушы компоненттер және факторлар

4

2.4

Педагогтің   цифрлы құзыреттілігін   қалыптастыру   кезеңдері

4

 

3 модуль

Цифрлы білім беру ортасындағы педагогтің қызметі

40

3.1

Цифрлы   білім беру ортасындағы заманауи білім беру технологияларының ерекшеліктері

4

3.2

Цифрлы білім беру ортасындағы   педагог қызметі

4

3.3

Педагогтің   цифрлы білім беру платформаларын пайдалану технологиялары

32

Барлық сағат саны

 72

 «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР » ФАКУЛЬТЕТІ

 «ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

Прочитано 522 раз
Top