Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Дулати университетінде «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті «Әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлық білім беру ортасы: мәселелері, болашағы және байланыс шектері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның басты мақсаты – цифрлық білім беру ортасында шет тілдерін оқытудың теориялық және қолданбалы аспектілерін тереңдете меңгеру.

Конференция барысында Дулати университетінде Корея Республикасы Елшілігі жанындағы білім беру орталығы арасындағы меморандум негізінде келген Ли Сан Су шет тілі сабақтарында сөйлеу мен жазуға назар аудара отырып, тіл алмасу қолданбаларын қалай пайдалануға болатындығы жайында баяндама жасады. Сондай-ақ И.Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің аға оқытушысы, магистранты Гүлдастан Исмайлова онлайн байланысқа шығып, бейнематериалдарды информатикада шет тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту құралы ретінде пайдалану туралы айтып берді. Сонымен қатар өзге өңірдің ЖОО профессорлары мен оқытушылары конференцияға қатысушы студенттер мен оқытушыларға негізгі тақырып бойынша дәріс оқыды.

15 КОНФ111

15КОНФ222

 

 

Прочитано 433 раз
Top