БАҚ өкілдері болашақ мамандармен кездесті

Жас журналистер клубының баспасөз орталығы ретінде жасақталған «Журналистің шығармашылық шеберханасы» кабинетінде жұмыс берушілердің бітірушілермен кездесуі өтті. Кездесуге «Әулие-Ата» медиа-холдингінің директоры Данияр Асқарұлы мен орынбасары Алпамыс Қазыбаев қатысты. Жиын барысында жұмыс берушілер бітіруші түлектермен өзара тәжірибе алмасып, облыстағы медиа-холдингтің тарихы, тыныс-тіршілігі туралы айтып берді. Сондай-ақ студенттер журналистика өкілдерімен пікір алмасты. Аға буын өкілі студент жастарға ақыл-кеңес айтып, мамандықтың қыр-сыры туралы қызықты әңгіме өрбітті. Іс-шараның басты мақсаты – университет пен БАҚ арасында байланысты нығайту, жұмысқа орналасуға жағдай жасау, білімгерлердің аймақтық журналистика туралы пайымын арттыру.

журналисты111

журналисты222

журналисты3

 

 

 

Прочитано 427 раз
Top