ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2023 жылдың қараша айында мемлекеттік қызметші мектебіне оқуға конкурстық іріктеу өткізді. Барлығы 21 қатысушы таңдалды. Айта кету керек, олардың ішінде 12 студент – М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандығының студенттері.
2024 жылғы 19-23 ақпан аралығында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының базасында осы жоба бойынша оқыту өткізіліп, оқу соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.
Бірнеше жылдан бері Қазақстанда мемлекеттік қызметші мектебі жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тартуға, олардың біліктілік қабілеттері мен кәсіби шеберліктерін дамытуға бағытталған.
Жобаны іске асыру бірнеше кезеңнен тұрады: жобаға қатысу үшін құжаттарды қабылдау, іріктеу, оқыту және мемлекеттік мекемеде тағылымдамадан өту. Жобаның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен «Таланттар пулы» қалыптастырылатын болады.