Жарыс жеңімпаздары марапатталды

Бүгін университет қабырғасында «Денсаулық» спартакиадасының жабылу салтанаты өтті. Тартысты өткен спартакиаданың қорытындысы бойынша 246 ұпаймен «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті III орыннан көрінді. «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің командасы II  орынды иеленді. «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының командасы жүлделі I орынды жеңіп алды!

Жеңімпаз командалар кубокпен, алғысхаттармен марапатталды.

Айта кетейік, спартакиадаға қатысушылар спорттың 12 түрінен өзара бақ сынаған болатын. Төрешілердің шешімімен жеңімпаз командалар, озық ойыншылар анықталды.

Спартакиаданың жабылу салтанатында сөз алған Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек жеңімпаздарды құттықтап, жарысқа қатысушыларға алғыс білдірді.

 

photo 2024 02 10 20 22 11

photo 2024 02 10 20 21 50

photo 2024 02 10 20 21 57

photo 2024 02 10 20 22 06

photo 2024 02 10 20 22 21

 

Прочитано 481 раз
Top