«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОЛЛАБОРАЦИЯ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ»

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің

2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242  «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында   жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру»

атты жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

2024 жылдың 10-11 сәуірінде «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОЛЛАБОРАЦИЯ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ  ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты Халықаралық  педагогикалық оқуларын  өткізеді.

Халықаралық педагогикалық оқулардың серіктестері: Шадринск мемлекеттік педагогикалық  университеті (Ресей Федерациясы), Нигде Омера Халисдемира университеті (Турция), С.Орбелиани атындағы Тбилиси унтверситеті (Грузия), Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті (Қырғызстан), Ферғана мемлекеттік университеті (Өзбекстан), Ұлттық құндылықтар академиясы (Қазақстан), Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасы.

Халықаралық педагогикалық оқулардың мақсаты – жаһандық білім беру кеңістігінде педагогикалық  кадрларды даярлаудың заманауи трендтері және цифрлық коллаборацияның басым бағыттарын айқындау; цифрлық  платформалар мен технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау, инновациялық іс-тәжірибені зерделеу.   

Халықаралық педагогикалық оқулардың жұмыс жасау бағыттары:

  • Үздіксіз педагогикалық білім беру: өзекті проблемалары және перспективалары.
  • Цифрлық білім беруді трансформациялау: цифрлық платформалар және технологиялар.
  • Коллаборативті білім беру ортасындағы цифрлы  педагог: әлемдік тәжірибе, инновациялық әдістеме.

Халықаралық педагогикалық оқулардың аясында «Инновациялық педагогикалық өнім-2024» онлайн байқауы өткізіледі:  

  1. «Педагогикалық инновациялық өнім»:
  • 1.1 «Үздік инновациялық сабақ».
  • 1.2 «Үздік инновациялық әдістеме».
  • 1.3 «Үздік инновациялық технология».
  • 1.4 «Үздік инновациялық жоба».
  1. «Үздік оқу-әдістемелік кешен»/«Үздік электронды оқу контенті».
  2. «Үздік оқулық/ «Үздік оқу құралы»/«Үздік оқу-әдістемелік құрал».
  3. «Үздік мультимедиалық өнім»/ «Үздік электронды оқулық».
  4. «Үздік шебер-сынып».

Онлайн байқаудың мақсаты – цифрлық-коллаборациялық кеңістікте креативті педагогтердің инновациялық іс-тәжірибесін  үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтердің  цифрлы құзыреттіліктерін және  шығармашылық  әлеуетін жетілдіру.

Байқаудың міндеттері:

  • заманауи оқу-әдістемелік кешеннің сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту;
  • инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді ендірудегі озық тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау;
  • цифрлық-коллаборациялық ортада креативті педагогтердің жаңашыл бастамаларын қолдау, ғылыми әлеуетін арттыру;
  • жаңашыл педагогтердің ғылыми- әдістемелік белсенділігін ынталандыру;
  • педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін арттыру;
  • өзара инновациялық тәжірибемен  алмасу.

  Байқауға қойылатын талаптар:

  • байқауға ұсынылатын инновациялық өнімдер 2023 жылдың 15-наурызынан 2024 жылдың

15-наурызына дейінгі аралықта дайындалған болуы керек;

  • басқа байқауға ұсынылған өнімдер қабылданбайды;
  • онлайн байқауға  5- минуттық презентация дайындау қажет;
  • ұсынылатын жұмыстар мазмұны байқаудың мақсатына сәйкес келуі қажет: жаңашылдық, ғылымилық, шығармашылдық бағыттылығы және тәжірибеде қолданыс табуы.

Халықаралық педагогикалық оқулардың аясында отандық және шетелдік  ғалымдардың авторлық курстары, жаңашыл педагогтердің шеберлік сыныптары, психологиялық-педагогикалық тренингтерді онлайн, офлайн форматта ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Халықаралық педагогикалық оқулар төмендегідей форматта ұйымдастырылады:

  • пленарлық мәжіліс - баяндамалар, Халықаралық педагогикалық оқулардың резолюциясын қабылдау;
  • байқаудың қорытындысын жариялау, жеңімпаздарды марапаттау;
  • отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстары және шебер-сыныптары;
  • психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары;
  • онлайн-режимдегі шебер-сыныптар;
  • секциялық мәжілістер;
  • инновациялық өнімдердің презентациясы.

Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысуға арнайы шақырылады:

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО басшылары, тренер-әдіскерлері;

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдары және  «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері;
  • ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, танымал ғалымдар, болашақ педагогтер, магистранттар және докторанттар;
  • Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері.

Халықаралық педагогикалық оқулардың жұмыс тілдері қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті Халықаралық педагогикалық оқулар материалының жинағын шығаруды көздеп отыр. Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына баяндама (мақала) және жаңашыл педагогтердің Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушының өтінішін ұсынылатын тіркеу формасына сәйкес жіберу қажет. Мақалалар 1 дана және электронды түрде қабылданады.

Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «Халықаралық педагогикалық оқуларға _____ - дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.

Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, тіркеу жарнасын төлеген автор фамилиясымен аталады. Мысалы, қатысушы С.Ж.Бисенова файл атын келесідей ұсынуына болады: Бисенова.doc немесе Бисенова.rtf.

Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.

Баяндама мен байқауға ұсынылатын материалдар 2024 жылдың 15 наурызына  дейін қабылданады. 

Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушылар арнайы сертификатпен және 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушыларға табыс етіледі:

- Халықаралық педагогикалық оқулардың бағдарламасы;

- Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысқаны үшін сертификат;

- отандық және шетелдік  танымал   ғалымдардың авторлық   курстарына  қатысқандары үшін халықаралық дәрежедегі АРНАЙЫ  СЕРТИФИКАТ;

- Халықаралық педагогикалық оқулардың жинағы ( электронды тасымалдағышта);                                                                                                             

- байқау жеңімпаздарына АРНАЙЫ ДИПЛОМ. 

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақаланы  орналастыру  реттілігі:

  1. ӘОЖ индексі бірінші беттің жоғары сол жағына   қойылады.
  2. Мақаланың атауы.
  3. Авторлар туралы мәлімет (екі автордан артық емес): Автордың аты-жөні, әкесінің аты ( ғылыми  дәрежесі, атағы, қызметі көрсетіледі),  мекеменің атауы және  орналасқан жері (егер мекеменің  атауынан бөлек болса),  авторлардың e-mail.
  4. Аннотация 3 тілде: (100 сөзден артық емес: мақсаты, міндеті, зерттеу нәтижелері және   қысқаша тұжырымдары).
  5. Кілтті сөздер (5-10 сөз).
  6. Мақала мәтіні төменде көрсетілген талаптарды қанағаттандыру керек.
  7. Библиография (пайдаланған әдебиеттер тізімі).
  8. Егер мақала  шетел тілінде  ұсынылған болса, онда  қазақ тілінде және ағылшын тілінде  берілуі тиіс: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, әкесінің аты,  аннотация,  кілтті сөздер (мақаланың соңында) .

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Мақаланың мәтіні және  тіркеу формасы WORD мәтіндік  редакторында   терілуі тиіс,  «Times New Roman» қаріпі,  тақырып қаріпі және негізгі мәтін шрифт өлшемі (кегль)  - 14, жоларалық интервал - бір, тасымалдаусыз,  жоғарғы өріс - 20 мм,  сол жақ  -  20 мм,  оң жақ - 20 мм  және төменгі өріс- 20 мм. Мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТ).
  2. Матариал көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс (суреттеді қосқанда), А4 форматтағы көрсетілген мақала  көлеміне  мақала мәтіні, әдебиеттер тізімі,  кестелер және суреттер   кіреді.
  3. Мақала беттері нөмірленуі тиіс.
  4. Мақалада формула  (сурет, кестелер)   номерленеді.
  5. Мақалада әдебиеттер  көздеріне  сілтеме  жасалынуы тиіс.  Әдебиет көздерінің  тізбесі  ГОСТ Р 7.0.5-2008 сәйкес жасалынады.  Мәтінде әдебиет көздеріне  сілтемелер квадрат  жақшада беріледі. Әдебиеттер тізімі  мәтінде қолдану ретімен көрсетіледі. Электронды тасымалдағыштарға да сілтеме  жасауға болады.
  6. Мәтіндегі сурет, кестелер сапалы   жасалуы тиіс.  Жинақта  барлық  суреттер ақ-қара  түсте беріледі.
  7. Негізгі мақаладан кейін мақала авторы (-лары) туралы қысқаша мәлімет (жұмыс орны, қызметі, электронды почта) көрсетілуі тиіс.
  8. Материалды дайындауда осы талаптарды сақтамаған жағдайда мақаланы баспаға қабылдамауға негіз болады.
  9. Барлық жұмыстар антиплагиатпен 15 наурыздан 25 наурызға дейін тексеріледі, қажетті деңгей – авторлық мәтіннің 70% кем емес. Тексеруден өтпеген жұмыстар жариялауға жіберілмейді.
  10. Ұйымдастыру комитеті  аитиплагиатқа тексеру, мақаланы іріктеу, редакциялау жұмыстарын  өзіне қалдырады. 
  11. Мақала, байқау жұмыстарын келесі электронды почтаға 2024 жылдың 15 наурызына дейін жіберу керек:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  12. Электронды нұсқадағы  файл атауы  төмендегідей  рәсімделеді: «Бисенова_өтініш.doc», «Бисенова_мақала.doc», «Бисенова_презентация.ppt(x)», «Бисенова_ байқау.doc».
  13.  Мақалада көрсетілген ғылыми факті, дерексөз, ғалымдардың аты-жөні және басқа да мәліметтердің шынайлылығы  бойынша  жауапкершілік авторда (-ларда)  қалдырылады.

ОНЛАЙН БАЙҚАУДЫҢ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

«Үздік инновациялық  сабақ» байқауы

- Мазмұны, жаңашылдығы;

- Инновациялық технологияларды пайдалануы;

- Жұмыстың интегративтігі (дәстүрлі,  инновациялық әдістері мен формасының  байланысы);

- Мультимедианы пайдалануы;

- Жұмыстың шығармашылық бағыты (көркемдік деңгейі, дизайны, безендіру сапасы);

- Әдістердің білім алушылардың жас және психологиялық  ерекшеліктеріне сәйкестілігі;

- Пәнаралық байланысы. 

«Үздік инновациялық әдістеме»/«Үздік инновациялық  жоба»/

«Үздік инновациялық технология» байқауы

- Әдістеме/ жоба/технология мақсаты, міндеттері;

- Мазмұндылығы;

- Бірегейлігі, идеялылығы, креативтілігі;

- Ғылымилығы, практикалық маңыздылығы;

- Жаңалылығы.

«Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауы

- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мазмұнынына сәйкестігі;

- Пән бойынша  толық оқу-әдістемелік  қамтамасыз етілуі;

- Жаңашылдық деңгейі;

- Жеке жұмыс жасауға  арналған әртүрлі деңгейдегі шығармашылық тапсырмалардың болуы;

- Пәннің бағдарламалық және мультимедиалық  қамтамасыз етілуі (презентация, видеоролик, флипчарт).

«Үздік цифрлық оқу контенті» байқауы

- Бейнесабақтың болуы;

- Цифрлы дидактикалық материалдардың болуы;

 - Цифрлы технологиялар, интербелсенді әдістер, цифрлы  оқу платформасындағы  материалдарды   пайдалана алуы.

«Үздік оқулық», «Үздік оқу құралы», «Үздік оқу-әдістемелік құрал» байқауы

- Оқулық/Оқу құралы/ Оқу-әдістемелік құралдар  материалдарының  Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына   және жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкестігі;

- Өзектілігі, мазмұндылығы, жаңашылдығы, бірегейлігі;

- Жүйелілігі, бірізділігі, өзара байланыстылығы;

- Жеке  жұмыс жасауға арналған әртүрлі  тапсырмалардың болуы;

-Оқулық/Оқу құралы/ Оқу-әдістемелік құралдың көлемі, мазмұны және сапасы.

«Үздік мультимедиалық өнім»,  «Үздік электронды оқулық» байқауы

- Мультимедиалық өнім / Электронды оқу құралы мазмұнының пәнге (дидактикалық міндеттеріне)  сәйкестігі;

- Құрылымы мен мазмұны;

- Интерактивті элементтердің болуы;

- Дизайн сапасы, ақпараттың дыбыстық және түстік безендірілуі;

- Креативтілігі.

«Үздік шебер -сынып» байқауы

- Инновациялық идеяның болуы  және оның  өзектілігі;

- Инновациялық  идеяны шешудің   логикалық байланыстылығы, бірізділігі;

- Технологиялылығы;

- Нәтижелілігі.     

 ТІРКЕУ ФОРМАСЫ 

Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысу үшін  2024 жылдың  15  наурызына  дейін төмендегі тіркеу формасын  толтырып  почтаға жіберіңіз: 

Автор туралы мәлімет

1

 Тегі, аты-жөні (толығымен)

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса)

3

 Жұмыс орны, мекен-жайы

4

Байланыс телефоны, е-mail

5

Мақала тақырыбы

6

Секция

7

Қажетті техникалық  құралдар

8

Байқауға ұсынылатын материалдар

9

Қатысатын байқаудың атауы

10

Қонақ үйдің қажеттілігі (ия/жоқ)

МАҚАЛАНЫ ТӨМЕНДЕГІ  МЕКЕН-ЖАЙҒА ЖІБЕРІҢІЗДЕР:

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: 

БУЗАУБАКОВА Клара Джайдарбековна – 8 705 720 18 56;

БУПЕТАЕВА Сауле Жакиповна  – 8 775 404 84 50;

УШАКБАЕВА   Камшат  Рахымбердиевна – 8 701 083 55 33,

ТАДЖИБАЕВА Жанна Сайдуллаевна – 8 771 231 31 21. 

БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР » ФАКУЛЬТЕТІ

«ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

Прочитано 1044 раз
Top