Тізімге 11 әріптесіміз еніп отыр!
Дулати университетінің 11 оқытушысы шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтетін болды.
Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары «500 ғалым» бағдарламасының стипендия иегері атанды! Енді бұл оқытушылар шетелдің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттыратын болады.
Жүзден жүйрік атанып, зор мүмкіндікке ие болған ғалымдарымыз:
- Джабаилдаева Гүлнар Тоқсанбаевна – «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі м.а.
- Жампейсова Жанар Мұратбековна – «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының доцент м.а.
- Игисинов Сабит Жандарбекович – «Математика» кафедрасының меңгерушісі м.а.
- Избасаров Айтжан Омирбекович – «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті)
- Калмаханова Маржан Сеитовна – «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі
- Карауылбаев Сапаргали Калымбетулы – «Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті)
- Қайназарова Мақпал Бахытжанқызы – Заң қызметінің басшысы
- Мамырханова Жамила Темиргалиевна – «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының доцент м.а.
- Мурзахметов Асланбек Нурбекович – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті)
- Тлеубаева Сантай Азизбековна – «Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті)
- Турекельдиева Римма Тилепалдиевна – «Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» кафедрасының доцент м.а.
Жеңістеріңіз, жетістіктеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!