Пекинде Дулати университетінің таныстырылымы өтті

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы қызметінің басты бағыты – ұйымға мүше елдер арасындағы өзара Келісім аясында дамып жатқан білім саласындағы әріптестікті нығайту.

Білім саласында туындаған сауалдардың шешімін табу үшін Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университеті құрылды. Бұл университеттің басты мақсаты – жоғары сұранысқа ие жеті сала бойынша: аймақтану, энергетика, экология, нанотехнология, IT-технология, педагогика, экономика саласында жаңа мамандар буынын даярлау.

Дулати университетінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы жоғарыда аталған барлық бағыт бойынша жұмыс жүргізіп, келісім-шарттар жасау жұмыстарын қолға алып отыр. Сонымен қатар ШЫҰУ мүше университеттер ұйымдастырып отырған барлық конференциялар мен семинарларына қатысып келеді.

30 қараша күні Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлері Исабекова Гүлнұр және Рахымбекова Венера ҚХР, Пекин қаласында Солтүстік Қытай энергетикалық университетінде өткен конференцияға қатысып, Дулати университетін таныстырды.

Аталған конференцияға ҚХР, РФ, Қырғызстан және Монғолия университеттерінің өкілдері жиналды. Жаңа оқу жылынан бастап Дулати университетінің студенттері өз білімін  Солтүстік Қытай энергетикалық университетінде шыңдайтын болады.

Сонымен қатар басқа да ҚХР университеттерімен келіссөздер жүргізіліп, ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

3

14a7918fcdf6dc302c80fa10f1a86a7a XL 1

2

Прочитано 494 раз
Top