Шетелдік ғалымдардың қатысуымен семинар өтті

Халықаралық ынтымақтастық департаменті тәжірибе алмасу мақсатында жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Жоғары білім мен жаһандық тенденциялар» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинар модераторы Гүлнұр Болатбекқызы қатысушыларды шетелдік ғалымдармен және олардың баяндама тақырыптарымен таныстырды. Өз сөзінде халықаралық тәжірибе алмасу білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Дулати университеті жыл сайын Хирша индексі жоғары шетелдік ғалымдарды шақырады. Бұл ғалымдардың әлемдік ғылыми қауымдастықта көрсеткіші мен беделі жоғары.

Жиында ғалымдар өзекті тақырыптарда баяндама жасап, жылдар бойы жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Магистранттар мен докторанттар профессор-оқытушыларға ғылымның дамуына қосқан үлестері үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асырсақ деген ойларын ортаға салды.

Жас ғалымдардың шетелдік ғалымдармен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Осыған орай Халықаралық ынтымақтастық бөлімі шетелдік мамандарды тарту бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастыруды көздейді.

WhatsApp Image 2023 11 16 at 17.44.23

WhatsApp Image 2023 11 16 at 17.44.23 1

WhatsApp Image 2023 11 16 at 17.44.23 2

WhatsApp Image 2023 11 16 at 17.44.23 3

WhatsApp Image 2023 11 16 at 17.44.23 4

Прочитано 416 раз
Top