Серпін беретін серіктестік

Шетелдік университеттермен байланыс орнату ЖОО-ның ғылыми әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Ал жылдар бойы бірлесе жұмыс атқарып келе жатқан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсуі студенттер үшін ғана емес, профессор-оқытушылар құрымына да пайдалы болмақ. Осы ретте Дулати университетіне Германия мемлекеті Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университетінің профессорлары Яворски Ежи Францишек пен Сперл Екатерина іс-сапармен келді.

Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімовамен кездесті. Кездесу барысында екі жақты жұмыстар легі талқыланып, алдағы жоспарлар бойынша сөз қозғалды.

Айта кету керек, Дулати университеті мен Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университеті 10 жылдан астам уақыттан бері ынтымақтастық орнатып келеді. Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университеті Баден-Вюртембергтегі негізгі жоғары оқу орындарының арасында ең танымал және беделді оқу орны болып табылады. Студенттеріміз академиялық бағдарламасы бойынша Хайльбронн университетінде оқиды, оқытушылар құрамы DAAD бағдарламасы бойынша аталған университеттің қаражаты есебінен жыл сайын тағылымдамадан өтеді.

2023 жылдың мамыр айында Германиялық профессорлар Ежи Яворски мен Александр Йессер студенттер үшін жазғы мектеп өткізген болатын. Жазғы мектеп барысында Дулати университетінің студенттері Германияда 2 апта бойы онлайн түрде оқып, Германияның кәсіпорындарымен танысып, тәжірибеден өтті.

Алдағы уақытта екі жақты келісім бойынша Хейльбронн университетінің студенттерін 2024-2025 оқу жылында Дулати университетіне 1 семестрге оқуға қабылдау жоспарланып отыр.

WhatsApp Image 2023 11 13 at 16.53.10

Прочитано 580 раз
Top