Дулати спортшылары ел қоржынына 3 бірдей алтын салды

Түркістан қаласында өтіп жатқан ІІ Түркі Универсиадасына еркін күрес пен дзюдодан қатысқан спортшыларымыз жеңіске жетіп, чемпион атанды.
65 кг салмақта Мұхтар Санжар мен 79 кг салмақта Ергеш Дәулет еркін күрестен сынға түсіп, алтын медаль иегерлері атанды. Дзюдодан 65 кг салмақта күрескен Сәлімбай Нұрзат барлық қарсыластың жаурынын жер иіскетті.
Универсиада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен спорттың 7 түрінен өтіп жатыр. ІІ түркі Универсиадасына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Венгриядан барлығы 450-ге жуық спортшы қатысуда. Спортшылар үстел теннисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі бойынша сынға түседі.
Жеңіске жеткен спортшыларымызды құттықтаймыз! Жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, биіктерді бағындырыңдар, Дулатидың мықтылары!
2
3

4

 
Прочитано 533 раз
Top