ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

Университет мұражайында Дулати апталығы аясында «М.Х. Дулати тағылымы» тақырыбында ашық куратор сағаты өтті. Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен өткен жиынға студенттер, «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары мен профессор Сәмен Құлбарақ қатысты.

Алдымен мұражай меңгерушісі Ақсәуле Қалабаева ғұлама ғалым, тарихшы, дипломат, әскери қолбасшы – М.Х. Дулатидің еңбектерімен таныстырды. Профессор Сәмен Құлбарақ жазушының еңбектері – «Тарих и -Рашиди» мен «Жаһан наме» дастанына тоқталды. Мазмұнын, әдеби көркемдігін, тарихи деректерді тілге тиек етіп, кеңінен түсіндіріп берді. Университет Бишимбаев Уәлихан Қозыкеұлының бастамасымен ғалымның атын иеленгенін, бас ғимараттың алдында ескерткіш бой көтерген тарихи сәт туралы қызықты мағлұматпен бөлісті. Сәмен Құлбарақ өз сөзінде Дулатидің әр шығармасының астарында үлкен идея жатқанын студенттерге түсіндірді. Ғалымның еңбектерімен танысып, оқуға кеңес берді.

Студенттер Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектерінен үзінді оқыды. Кездесу соңында өзара пікір алмасып, естелік фотоға түсті.

2

Прочитано 610 раз
Top