«Жамбыл облысындағы ғылым мен бизнесті интеграциялау мүмкіндіктері» форумы өтеді

2-3 қарашада «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде» «Ғылым қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Жамбыл облысындағы ғылым мен бизнесті интеграциялау мүмкіндіктері» атты форумы өтеді.

Форумның мақсаты: «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің» ғалымдары мен Жамбыл облысының кәсіпкерлеріне гранттық қаржыландыру аясында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға көмектесу.

Форум спикерлері:

  1. Омаров Қ.Қ. – «Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры;
  2. Вяткина Ю.А. – «Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің бас менеджері.

Іс-шараға келесілер қатысады:

  1. Сейсебаев А.М. – Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы;
  2. Нокрабеков Р.М.- Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы;
  3. Атымтаев Е.С. -Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Сондай-ақ университет ғалымдары Жамбыл облысының кәсіпкерлеріне ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың келесі жобаларды ұсынады:

  1. Тұрсынбаев Х.И. «Мелиорация және агрономия» кафедрасының аға оқытушысы – «Өндірістік қалдықтар негізінде биомелиорант өндірісі»
  2. Қалмаханова М.С. PhD, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі – «Мембраналық сүзгілер үшін жоғары сапалы белсендірілген көмір өндіру»
  3. Садиева Х.Р. т.ғ.к., «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті м.а- «Баритти бетон өндірісі».
Прочитано 736 раз
Top