10 қазан – кәсіподақ күніне орай Дулати университетінде жыл сайын профессорлар-оқытушылар мен қызметкерлер арасында жеңіл атлетикадан спартакиада өткізу дәстүрге айналған. Биылғы жылы бұл жарыс 5-қазан Ұстаздар күніне тұспа-тұс келді. Факультет пен құрылымдық бөлімдер арасында өткен жарыс тартысты бәсекеге толы болды. Жалпы 8 команда бақ сынады.
Спартакиадада әйелдер құрамалары 60 метрге жүгіруден жарысса, ерлер командаларының межесі 100 метр болып белгіленді. Бұдан кейін әр командадағы төрттік 100 метрлік қашықтықтағы эстафетада сынға түсті.
60 метр қашықтықта жүгіру бойынша межені бірінші болып «Экономика және құқық» факультетінен Светлана Суркова бағындырса, 2 – орынды «Ақпараттық технологиялар» факультетінен Айнұр Қожабай және 3-орынды Ақтоты Рзабай түйіндеді.
Ерлер арасында 100 метрге жүгіруден «Ұстаз» институты командасынан Қанат Абидин бірінші болып келді. 2-орында «Экономика және құқық» факультетінен Арнат Ұлтанбаев, 3-орынды «Өнер және спорт» факультетінен Мұхтар Абу жеңіп алды.
Эстафета (әйелдер):
- «Экономика және құқық» факультеті
- «Өнер және спорт» факультеті
- «Ақпараттық технологиялар» факультеті
Эстафета (ерлер):
- «Өнер және спорт» факульттеті
- «Ұстаз» институты
- «Әкімшілік» командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер университет кәсіподақ комитетінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Байқауды ұйымдастыруға белсене қатысқан ұстаздар мен қызметкерлерге алғыс хат табысталды.