Малайзия Федерациясының ғалымы Дулати университетінде тәжірбиесімен бөліседі

Бүгінгі таңда елімізде, әсіресе Жамбыл облысында су мәселесі өзекті болып отыр. Осы орайда Дулати университеті аталған мәселені оңтайлы шешу жолдарын қарастыруда. QS World University Ranking 2023 бойынша әлемнің үздік 500 университетіне кіретін Петронас технология университетінің (Малайзия Федерациясы) су шаруашылығы саласының ғалымы НГ ЧЕН ЙЕ бір айға университетке шақырылды. 2023 жылғы 17 қыркүйек пен 15 қазан аралығында НГ ЧЕН ЙЕ «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтында жұмыс жүргізеді. Ғалым 1 ай бойы семинарлар, лекциялар және мастер-класстар өткізеді, магистранттар мен докторанттарға консультациялар жасайды, білім бағдарламалары мен оқытушылардың жазған еңбектеріне рецензиялар жазады, университетіміздің оқытушыларымен бірлескен мақалалар жариялайды деп жоспарлануда.

Сонымен қатар 2023 жылдың 6 қазанында «Халықаралық ынтымақтастық басқармасы» мен «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты бірлесе отырып “Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне төзімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін су секторында жоғары білім беруді нығайту» жобасы аясында «Су ресурстарын тиімді пайдаланудың және білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Конференция жұмысына Қазақстан, алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми орталықтарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар қатысады деп күтілуде. Бұл университетіміздің ғалымдары мен студенттері үшін тәжірибе алмасып, білімін шыңдау үшін зор мүмкіндік болып табылады.

WhatsApp Image 2023 09 19 at 09.29.08

 

 

Прочитано 715 раз
Top