Жамбыл облысы әкімінің жүлдесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Тіл жанашыры» облыстық байқауының қорытындысы Қазақстан Халқы тілдері күніне сәйкес келді. Байқаудың «Тіл-қазына» номинациясы бойынша Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің, «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Керимбаева Рысты Калдыханқызының жұмысы үздік танылып, облыс әкімінің жүлдесін иеленді.
Факультеттің педагогикалық ұжымы Рысты Қалдыхановнаға зор денсаулық, ұзақ өмір, ғылым жолындағы еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейді!!!
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар
факультетнің деканы Жамила Мамырханова