Халықаралық «IЕLTS» емтиханы алғаш рет Дулати университетінде

       Халықаралық ынтымақтастық басқармасының ұйымдастыруымен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және IELTS орталығы арасында жасалған келісім-шарт негізінде, 2023 жылдың 9 - 10 маусым аралығында «IЕLTS» емтиханын 28 үміткер тапсырды.

         IELTS орталығы мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасында жасалған келісім-шарт негізінде, тіркелген әрбір 21 (жиырма бірінші) үміткерге тегін орын ұсынды. Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу мамандығының 1 курс студенті Жұмабек Асем көп балалы отбасынан болғандықтан 13.06.2023ж. № 10 хаттамасында комиссия мүшелерімен бірлесе талқылап, сарапқа салып, тегін тапсырсын деген шешім шығарылды.

       23 маусымда «IЕLTS» емтиханының нәтижесі IELTS орталығының ресми сайтынан белгілі болады. IELTS сертификаттарын Халықаралық ынтымақтастық басқармасынан аласыздар.

Сүлейменов көшесі, 7. 3 этаж, 301 кабинет.

WhatsApp Image 2023 06 16 at 09.43.55

WhatsApp Image 2023 06 16 at 09.43.55 1

WhatsApp Image 2023 06 13 at 15.10.22

Прочитано 578 раз
Top