Ректор мемлекеттік емтиханға қатысты

Қазір жоғары оқу орындарында бітіруші курстардың білімін қорытынды аттестаттау жүргізілуде. Бұл – күні ертең сан саланың мамандары атанатын жас түлектер үшін жауапты кезең.

Университет ректоры Мұхтар Байжұманов бітіруші курстардың мемлекеттік емтихандарына қатысты. Студенттер мен оқытушыларға қорытынды аттестаттауға жауапкершілікпен қарау керек екенін айтып, бекітілген емтихандардың кестесімен танысты.

Академиялық адалдық – оқыту процесіндегі негізгі құндылықтардың бірі. Бұны білім беру үдерісіндегі оқытушы және студент тарапының жеке адалдығы мен жауапкершілігін дамытатын тәртіп принциптерінің жиынтығы деуге болады. Осы адалдық қағидатының сақталуын бақылау университеттің комплеанс қызметіне жүктелген. Ортақ талапқа деген ашықтықты қалыптастыру – басты міндет. Мұхтар Қазбекұлы бітіруші түлектердің мемлекеттік емтихандарына қатысушы жауапты мамандарға осыны ескертті.

Дулати университетінде білім алушыларды қорытынды аттестаттау күнтізбеде және білім беру бағдарламаларының бекітілген оқу жұмыс жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі.

2

Прочитано 627 раз
Top