Қытайлық кәсіпкер тәжірибесімен бөлісті

Дулати университетінің «Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» орталығы, халықаралық ынтымақтастық басқармасы “Магистральдық газ құбырлары жабдықтарының пайдалану сипаттамаларын арттыру” тақырыбында бірлескен семинар ұйымдастырды.

Семинарда “Азиатский газопровод” ЖШС, КС-4 бекетінің басшысы Джан Янхуа мұнай газ және тау - кен ісі кафедрасының профессор оқытушылары және студенттерге жаңа зерттеу жобаларының көмегімен серіктестікті кеңейту бағытында 13 жыл бойғы жиған тәжірибесімен бөлісті.

Джан Янхуа өз дәрісінде студенттерге газ құбырлары жабдықтарын пайдалану туралы көптеген тың деректер айтты. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, керекті жауап алды. Компания басшысы алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасап көптеген жетістіктерге жету жайлы жоспарлармен бөлісті.

Қазіргі таңда компанияда Дулати университетінің түлектері жұмыс істеп, өздерінің біліктіліктерін көрсетіп жатқандығы, осындай студенттерден университеттің білім жүйесінің жоғары деңгейде екендігі жайлы айта кетті.

                                                   Назерке Шайзадаева,

 Конвергенттік журналистика мамандығының 2-курс
                                                                         студенті.

Прочитано 639 раз
Top