Университет ректор Афина ұлттық техникалық университетінің (Греция) «Теориялық және есептеу физикасы» зертханасының бас директоры, профессор Кехагиас Александросты қабылдады. Кездесу барысында «Теориялық және есептеу физикасы» зертханасы мен Дулати университеті арасында келісім-шартқа қол қойылды. Бұл университет әлемдік рейтингте Топ-500 үздіктер қатарында.
Меморандумның негізгі мақсаты - Дулати студенттері мен оқытушыларына академиялық ұтқырлық мүмкіндігін арттыру, жаңа серіктестік орнату, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Бұл Дулати университетінің Грекиямен алғашқы серіктестігі.