Түркия мемлекеті Анталья қаласында Каратэ до Шотоканнан өткен 11 – ашық Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Дулати университетінің 3 бірдей студенті Еуропа чемпионы атанды. Атап айтқанда "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 2 курс студентері Ахат Маманов, Нұрлан Жұмамұратов және Мейірім Сағындықова.
Елімізде өткен чемпионатта жүлделі орын алып, мықтылығымен дараланған спортшылар дүниежүзінің дүлдүл шеберлерімен сынға түсті. Финалдық жекпе-жекте жалпы 22 мемлекеттен келген қатысушылар өнер көрсетті.
Айта кету керек, бұл студенттер Каратэ-до Шотоканнан өткен ҚР чемпионатында командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленген. Сондай-ақ, студенттерді ректор Мұхтар Байжұманов арнайы құттықтап кездескен болатын. Кездесу барысында бұған дейін Каратэ-до Шотоканнан бірнеше рет Республика мен Азияны бағындырған чемпиондардың ендігі мақсаты Еуропаны мойындату еді. Мінекей, алға нақты мақсат қойған спортшылар көздеген межеге жетті.